01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстанда дзюдодан алғашқы халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтуде

картинка ЖИ
0 1

Ел тарихында алғаш рет дзюдодан ауқымды халықаралық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып жатыр. 5-15 тамыз күндері Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында әлемнің 30 елінен келген 700-ден астам спортшы бірлескен дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Аталмыш халықаралық жиынға әлемдік рейтингтің көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем чемпионаттарының жеңімпаздары пен жүлдегерлері қатысып жатыр. Қатысушылар қатарында Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов (Қазақстан) пен Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан), сондай-ақ әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма, Санширо Мурао (Жапония), Инал Тасоев, Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Корея) және әлемдік дзюдоның басқа да танымал шеберлері бар.

дереккөз: https://t.me/sport_comiteti

Leave A Reply

Your email address will not be published.