Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешені мен «Алау» мұз сарайында 6–9 тамыз аралығында өтіп жатқан Comic Con Astana 2026 поп-мәдениет фестивалінің алғашқы күні 16 мыңнан астам адамды жинады.
Ауқымды шара барысында келушілерге Dendy пен Sega приставкаларындағы классикалық ойындарды ұсынатын ретро-гейминг аймағы, заманауи TikTok сынақтары мен кореялық ойындарға негізделген ойын-сауық алаңы, сондай-ақ қауіпсіз қарумен семсерлесуді үйрететін ортағасырлық интерактивті аймақ жұмыс істеуде.
«Барыс Аренада» негізгі сахналық бағдарлама ұйымдастырылса, «Алау» сарайында көрме аймағы орналасқан. Ностальгия мен заманауи форматтарды ұштастырған бұл грандиозлы іс-шара 9 тамызға дейін жалғасады.
Дереккөз: Астана қ. әкімдігі баспасөз қызметі