2027 жылғы 22 сәуірде Астанада Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) 51-конгресі өтеді. Бұл – ұйымның ең жоғары басқарушы органының жиыны, онда УЕФА президенті мен Атқарушы комитет мүшелері сайланады. Конгреске 55 елдің футбол қауымдастығы мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Барлық шығынды УЕФА өз қаражатынан қаржыландырады.
Бұл іс-шара Қазақстанның спорттық әлеуетіне деген жоғары сенімнің белгісі. Қазір елімізде футбол инфрақұрылымы жаңғыртылып, клубтарды коммерцияландыру жүзеге асуда (11 клубқа 80 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, тағы 8 клубты қосу жоспарланған). Сондай-ақ, «ПСЖ» клубының Қазақстанда академия ашуы жас футболшылардың дамуына жаңа серпін бермек.
Қазақстан халықаралық деңгейдегі ірі спорттық шараларды өткізуге қауқарлы, футболды жүйелі дамытып келе жатқан мемлекет ретінде танылып отыр.
дереккөз: https://t.me/sport_comiteti