01info.kz- ақпараттық портал

АЛМАТЫДА АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

0 175

Алматы қаласындағы А.П. Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада Абай күніне арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты – Абайдың шығармашылық мұрасын насихаттау, рухани мұрасын дәріптеу және жастарды ұлттық-рухани құндылықтарға баулу.

Кешке филология ғылымдарының докторы, профессор Кансейіт Әбдезұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Алшынбекұлы Шойынбет және қоғам қайраткері Асылы Осман қатысып, Абай мұрасының бүгінгі қоғамдағы маңызы мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі туралы ой бөлісті.

Шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Сондай-ақ Абай әндері орындалып, оқушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды.

Әдеби-сазды кеш Абайдың рухани мұрасын дәріптеуге және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған тағылымды алаңға айналды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.