01info.kz- ақпараттық портал

ОРАЛДА МЕДИАЦИЯ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТУДЕ

0 115

Орал қаласындағы Достық үйінде «Жаһандану әлеміндегі медиация: қиындықтар мен жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, азаматтық қоғам институттарының мүшелері, Өңірлік медиация кеңесінің өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысуда.

Семинардың негізгі мақсаты – медиация институтын дамыту, этносаралық қатынастар саласындағы кәсіби тәжірибе алмасу, сондай-ақ жаһандану жағдайында туындайтын жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылау.

Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры, медиатор-тренер Әсет Талғатбекұлы Абжақов этносаясатты іске асыру тәжірибесі, этносаралық қатынастарды нығайтудың өзекті бағыттары және қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жиынтық-талдау бөлімінің меңгерушісі Дастан Бақытбекұлы Көшербаев қазіргі қоғамдағы көшбасшылықтың рөлі, тиімді коммуникацияның маңызы және келіссөз жүргізу мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

Екі күнге жоспарланған семинар барысында қатысушылар теориялық дәрістермен қатар практикалық тренингтерге қатысып, медиация саласындағы заманауи тәсілдер мен тәжірибелерді талқылайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.