01info.kz- ақпараттық портал

САЙЛАУ ЖӘНЕ МЕДИА: САРАПШЫЛЫҚ ПІКІРТАЛАС ӨТТІ

0 188

«Қоғамдық келісім» РММ қызметкері, саясаттанушы Жұмағұлов Елдос Тәңірбергенұлы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында өткен «Сайлау – 2026: медиа және цифрлық платформалар» тақырыбындағы сарапшылық алаңға қатысты.

Сарапшылық пікірталас барысында Елдос Жұмағұлов электораттың буындық ерекшеліктері мен олардың саяси таңдауына әсер ететін факторлар туралы баяндама жасап, әртүрлі жас буындарының саяси құндылықтары, ақпаратты тұтыну мәдениеті және сайлауға қатысу ерекшеліктеріне тоқталды. 

Іс-шара аясында қатысушылар алдағы Құрылтай сайлауы қарсаңындағы медиа кеңістіктің трансформациясы, цифрлық платформалардың рөлі және саяси коммуникацияның жаңа үрдістерін талқылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.