01info.kz- ақпараттық портал

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ЖАСТАРЫ «БОЛАШАҚ ОЙЫНДАРЫ – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

0 154

2026 жылғы 29 шілдеде этномәдени бірлестіктердің жастары Астана қаласындағы «Барыс Арена» стадионында өткен «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирінің салтанатты ашылу рәсімі мен мерекелік концертке қатысты.

Іс-шараның маңызын төрт мемлекеттің басшыларының қатысуы айрықша арттырып, турнирдің жоғары халықаралық мәртебесі мен халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөлін айқындай түсті.

Ашылу салтанатының бағдарламасына дәстүрлі спортты, цифрлық технологиялар мен инновацияларды ұштастыратын турнир тұжырымдамасын бейнелейтін заманауи мультимедиялық және технологиялық шешімдер енгізілді.

«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің өткізілуі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, фиджитал спортты дамытуға, инновацияларды ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстанның ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге қолайлы алаң ретіндегі туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.