Кездесу барысында этномәдени бірлестіктердің қызметі, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған бірлескен жұмыстың басым бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар, «Бірлікке үн қосқан» республикалық этномәдени бірлестіктер фестивалін ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Кездесу қорытындысында қатысушылар қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлікті және елдегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған өзара сындарлы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін растады.