01info.kz- ақпараттық портал

Қазақстанда бір күнде екі орман өрті тіркеліп, дер кезінде сөндірілді

фото; https://t.me/EcologyofQazaqstan
0 1

2026 жылғы 31 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 2 орман өрті тіркелді. Атап айтқанда, Қостанай облысында 1 және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында 1 өрт ошағы орын алды.

Бұл өрттер «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлерінің әуе патрульдеуі кезінде дер кезінде анықталды. Жедел әрекет ету және қажетті күштер мен құралдарды жұмылдыру нәтижесінде олар қысқа мерзімде оқшауланып, толық сөндірілді. Өртті жою жұмыстарына «Қазавиаорманқорғау» әуе өрт сөндіру қызметі мен мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері қатысты.

Қазіргі уақытта бірқатар өңірде аптап ыстықтың сақталуына байланысты өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталып отыр. Осыған орай, мамандар табиғат аясында демалушылар мен орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

дереккөз: https://t.me/EcologyofQazaqstan

Leave A Reply

Your email address will not be published.