«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Абай және Павлодар облыстарындағы «Семей орманы» мен «Ертіс орманы» резерваттарының аумағына 2,5 миллион қарағай көшетін отырғызды.
Бастаманы «Samruk-Kazyna Trust» бірыңғай қайырымдылық операторы қаржыландырып, жүзеге асыруда. Жоба өңірлердің орман қорын қалпына келтіруге, биоәртүрлілікті сақтауға және елдің экологиялық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.
Жыл соңына дейін аталған табиғи резерваттарда барлығы 5 миллион қарағай көшетін егу жоспарланып отыр.
дереккөз: https://t.me/EcologyofQazaqstan