01info.kz- ақпараттық портал

ЕЛОРДАДА МЕДИАТОРЛАРДЫҢ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0 191

Елордадағы Достық үйінде «Этносаралық келісімді нығайтудағы медиаторлардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға кәсіби және қоғамдық медиаторлар, Аналар кеңесінің, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында медиация институтын дамыту, этносаралық келісімді нығайту, жанжалдардың алдын алу және оларды тиімді реттеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар тәжірибе алмасып, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын жетілдіру жолдарын қарастырды.

Айта кетейік, медиация институтын дамыту – Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің басым бағыттарының бірі. Бұл жұмыс қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал етеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.