Кентау қаласының Қарнақ ауылында 300 орындық жаңа Достық үйі пайдалануға берілді. Ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды құттықтады.
Өңір басшысы Достық үйлерінің құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, жаңа нысанның ауылдың мәдени-рухани және қоғамдық өмірінің маңызды орталығына айналатынына сенім білдірді.
Жалпы ауданы 2 844,7 шаршы метрді құрайтын Достық үйі 300 адамға арналған. Заманауи құрал-жабдықтармен толық жабдықталған нысан мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге қолайлы жағдаймен қамтамасыз етілген.