01info.kz- ақпараттық портал

БАЛАЛАР БАҚЫТҚА БӨЛЕНГЕН КҮН

0 137

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облыстық АҚДБ «Қоғамдық келісім» мекемесі мен «Amanat» партиясы облыстық филиалының әйелдер қанаты бірлесіп «Бақыт сыйла балаға!» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Балғындардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйіне толы мерекелік шарада түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, шығармашылық өнер көрсетілімдері ұсынылды.

Мерекелік жиын «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбындағы асфальтқа сурет салу байқауымен басталды.

Шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, өнерлі бүлдіршіндер мен шығармашылық ұжымдар сахна төрінде өз өнерлерін паш етті. Сондай-ақ, жонглёрлік және сиқыршылық өнер мен сайқымазақтар қойылымы ұсынылып, балаларға шаттық сыйлады. 

Мерекелік шара соңында Достық үйіне келген балаларға “Қоғамдық келісім” КММ мен «Amanat» партиясы облыстық филиалының әйелдер қанаты атынан балмұздақ таратылып, арнайы дастархан ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.