1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Әзербайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы ерекше балаларды қолдауға арналған «Ерекше балалар – біздің жүрегіміз» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Акцияның басты мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін балаларға қоғам назарын аудару, оларға моральдық және материалдық қолдау көрсету, сондай-ақ мейірім мен ізгілікті насихаттау.
Шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйланып, түрлі сыйлықтар табысталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, ізгілік құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.