01info.kz- ақпараттық портал

«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» РММ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

0 554

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ-де қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары қарастырылды. Кәсіби қызметтегі ашықтық, айқындық, жауапкершілік және адалдық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты әрі қоғам сенімін нығайтудың негізгі факторларының бірі екені атап өтілді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметі аясында әділдік, заңдылық қағидаттарын нығайтуға және қоғаммен тиімді өзара іс-қимылды дамытуға айрықша мән беріледі.

Осындай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, корпоративтік әдепті нығайтуға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.