01info.kz- ақпараттық портал

“ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2026” ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

0 312

ШҚО Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны – 2026: Жігер. Намыс. Рух» облыстық байқауы өз мәресіне жетті.

Байқауға 18–22 жас аралығындағы жігіттер қатысып, өздерінің жоғары дайындық деңгейін, патриоттық рухын және ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсетті.

Қатысушылар 6 бағыт бойынша сынға түсті: бейнетаныстырылым, «Жеңіс рекорды» челленджі, спорттық жарыстарда бақ сынау, актерлік шеберлік және «Жігіт ойы» кезеңінде интеллектуалдық қабілеттерін дәлелдеп, шығармашылық нөмірлерімен өнер көрсету.

Құзыретті қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалап, жинаған ұпай саны бойынша жеңімпазды анықтады. Барлық қатысушыларға дипломдар мен ер-тоқымдар табысталды.

Жеңімпаз атанған — «Жігіт сұлтаны – 2026» байқауының иегері Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті Идаятов Расул Ринатұлы болды. Жеңімпазға «Жігіт сұлтаны» белдігі және ер-тоқым сыйға тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.