01info.kz- ақпараттық портал

Ұлттық кітап күні: Астанада үздік кітапханашыларға құрмет көрсетілді

https://t.me/oqu_agartu
0 65

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынның басты мақсаты — кітапхана саласы мамандарының қажырлы еңбегін бағалау, қоғамда кітап оқу мәдениетін насихаттау және мамандық мәртебесін жаңа деңгейге көтеру болды.

Салтанатты рәсім аясында білім беру жүйесін жетілдіруге, өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне және интеллектуалды ортаны қалыптастыруға елеулі үлес қосқан үздік мамандар марапатталды. Министрліктің арнайы бұйрығымен екі қызметкер «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталса, тағы 28 маман салаға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғысына ие болды.

Мерекелік кеш шығармашылық ұжымдар мен жас орындаушылар дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Сахна төрінде Абай Құнанбайұлының өлмес мұралары мен қазақ өнерінің алтын қорына енген классикалық туындылар орындалып, жиналған қауымға ерекше рухани көңіл-күй сыйлады. Бұл іс-шара еліміздің мәдени-ағарту саласындағы кітапханашылардың айрықша рөлін тағы бір мәрте айқындап берді.

дереккөз: https://t.me/oqu_agartu

Leave A Reply

Your email address will not be published.