01info.kz- ақпараттық портал

Елордада «Алтын шаңырақ» этносаралық ақындар айтысы өтті

фото: Айқын
0 38

Бұл айтыс бұрынғы айтыстан өзгерек… Бір сәтте, моңғол, үйғыр, өзбек, молдаван, орыс, корей, қырғыз, украин, неміс, башқұрт домбыраның құлағында ойнап, қазақша жырлаған ғажап айтыс болды….

Астана төрінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, «AMANAT» партиясының қолдауымен алғаш рет «Алтын шаңырақ» республикалық этносаралық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Бірегей жобаның мақсаты — мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, елдегі түрлі этнос өкілдері арасындағы достықты сөз өнері арқылы нығайту.

Дүбірлі додада республикаға танымал 12 ақын мен түрлі этностан шыққан 12 өнерпаз жұп болып өнер көрсетті. Сахна төрінде неміс, корей, орыс, нигериялық, ұйғыр және тағы басқа этнос өкілдері қазақ тілінде көсіле сөйлеп, домбырамен жыр толғады.

Айтыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер тізімі төмендегідей:

  • Бас жүлде : Ирина Новицкая (Қостанай облысы) мен Жібек Шахмарданқызы.

  • 1-орын: Валерия Цой (Қарағанды облысы) мен Дидар Қами.

  • 2-орын: Эльдана Габерман мен Иран-Ғайып Күзембаев; Анварбек Садықов мен Шалқарбай Ізбасаров.

  • 3-орын: Алла Платонова мен Мейірбек Сұлтанхан; Қанат Хитрук мен Нұрбол Жауынбаев; Халида Саметова мен Әсем Ереже.

Сондай-ақ, Салтанат Жаба (Жамбыл облысы) мен Алтынкүл Қасымбеков,  Юсупов (Алматы облысы) пен Бибігүл Тілебалдинова, Акрам Ирисметов (Шымкент) пен Нұрлан Есенқұлов, Даниель Джеймс (Алматы) пен Өміржан Көпбосын,  жұптарына алғыс хаттар мен 900 мың теңгеден ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.