01info.kz- ақпараттық портал

ӘЖЕНІҢ ӨНЕГЕСІ — ҰРПАҚҚА БАҒДАР

0 13

БҚО Бәйтерек ауданында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Ш.Х.Құрманалинаның қатысуымен «Әженің өнегесі – ұрпаққа бағдар» атты семинар өтті.  
Аталған іс-шара жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берудегі маңызы зор рухани кездесу ретінде ұйымдастырылды. Семинарды жобаның «Азамат тәрбиелеген отбасы» бағыты бойынша жауапты облыстық Аналар кеңесінің мүшелері А.В.Сафина, М.М.Сиражева, М.Ж.Ермуханова ұйымдастырды.

Семинардың ашылуында мектеп директоры Алтынбек Утебалиев пен Аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина құттықтау сөз сөйлеп, шараның мән-маңызын атап өтті.

Бағдарлама аясында қатысушыларға тәрбие мен рухани құндылықтарға бағытталған мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Атап айтқанда:
– «Кітап – рухани қазына, ұрпаққа аманат»;

– «Өткеннен өнеге – бүгінге бағдар»;

– «Мектептегі үйірме жұмыстары – тәрбие негізі»;

– «Мәдениет үйінің тәрбиелік рөлі»;

– «Адал азамат – тәрбиенің өзегі».

Семинар барысында «Әжелер қауымдастығы», «Даналық мектебі», «Жеңгелер мектебі», «Қыздар клубы» жұмыстары таныстырылып, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу өтті.

Іс-шара соңында «Өнерлі ұрпақ – ел болашағы» атты концерттік бағдарлама ұсынылып, оқушылардың өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Семинар қорытындысында ұсыныстар айтылып, тәрбиенің маңыздылығы мен ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.