01info.kz- ақпараттық портал

Киберкеңістіктегі қауіпсіздік: Аналар кеңесі мен сарапшылардың бас қосуы

фото: ашық дереккөз
0 43

Астана қаласындағы Достық үйінде Республикалық Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы аясында интернет кеңістігінде зорлық-зомбылық пен вандализм көріністерін тану, сондай-ақ цифрлық құралдар арқылы қорғану әдістеріне арналған аралас форматтағы (офлайн-онлайн) интерактивті тренинг өтті. Іс-шараны Республикалық Аналар кеңесі және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырды. Тренинг спикері — фактчекинг және OSINT-технологиялар бойынша медиатренер, интернет қауіпсіздігі бойынша маман Айнұр Шошаева. Қатысушылар қатарында республикалық және өңірлік Аналар мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» РММ, КГУ қызметкерлері, сондай-ақ жастар өкілдері болды. Тренинг барысында қатысушылар онлайн-қатерлерді анықтау және цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша практикалық дағдыларға ие болды. Мұндай іс-шаралар цифрлық мәдениет деңгейін арттыруға, сыни ойлауды дамытуға және әсіресе жастар арасында интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.