Іс-шара барысында заң үстемдігі, қоғамдағы тұрақтылық, тіл және отбасы құндылықтары кеңінен талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, өзекті ұсыныстарын ортаға салды.
Бұл кездесу ашық диалог алаңына айналып, маңызды мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар ел бірлігін нығайтып, болашаққа сенімді қадам жасауға жол ашады.
Айта кетсек, 2009 жылдан бері ҚХА жанынан құрылып, республика бойынша 500-ге жуық журналистің басын біріктірген Журналистер клубы бүгінгі күні қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту миссиясын сәтті жүзеге асырып келеді.
Ассамблеяның 1 республикалық және 20 өңірлік клубтары медиа өкілдеріне өзара тәжірибе алмасуға, білімін жетілдіруге, мемлекеттік саясатты халыққа дұрыс түсіндіруге және ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді.