01info.kz- ақпараттық портал

ШҚО Достық үйінде «Ассамблея ақылдылары» этноквизі өтті

0 583

Бұл — жастар арасында құқықтық мәдениетті дамытуға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және Халықтық Конституция құндылықтарын насихаттауға бағытталған зияткерлік ойын.

Іс-шараға «Ассамблея жастары», Студенттік Ассамблея мүшелері, «Шығыс жастары» жастар қозғалысы және «Ауыл» партиясының жастары қатысты.

Қатысушылар викторина сұрақтарына жауап беру барысында өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, белсенді азаматтық ұстанымдарын танытты және құқық негіздері мен конституциялық құндылықтарды білуге деген қызығушылықтарын дәлелдеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.