01info.kz- ақпараттық портал

ШЫМКЕНТТЕ “ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ” ҰЖЫМЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

0 645

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қала аумағында орналасқан мекемелер мен ұйымдарға бекітілген учаскелерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтірілді.

Аталған акцияға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, сондай-ақ қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен белсенді жастары да қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Ұжым мүшелері өздеріне тиесілі аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшелер мен арық жүйелерін қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның көркеюіне атсалысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.