Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде ҚХА институтының ұйымдастыруымен Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына арналған «Ұлттық бірлік – Әлихан көзқарасында» атты студенттік ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.
«Жас сана» алаңында өткен шара ғылым, шығармашылық және медиа бағыттарын тоғыстырған ерекше форматымен ерекшеленді. Іс-шара барысында ұлт қайраткерінің қоғамдық-саяси қызметі мен ұлттық бірлікке негізделген идеялары кеңінен насихатталды. Шараның мақсаты – Алаш қозғалысы көшбасшысының мұрасын заманауи тұрғыда зерделеп, жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Бағдарлама үш кезең бойынша өтті: «Quote Battle» — қатысушылар Ә.Бөкейхановтың нақыл сөздерін талдап, олардың өзектілігін дәлелдеді. «Poster Challenge» — тақырыпты креативті постерлер арқылы ашты. «Video Pitch» — өз идеяларын бейнеролик форматында ұсынды.
Қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, келесі номинациялар бойынша марапатталды:
«Үздік идея және жаңашыл көзқарас» – А.Абашова;
«Үздік сөз шебері» – Б.Қапсалым;
«Үздік ғылыми интерпретация» – Экономика және құқық факультеті;
«Үздік мазмұнды шешім» – Көптілді білім беру факультеті;
«Үздік креативті шешім» – Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті;
«Үздік медиа жоба» – Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті.