«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан облысында табиғатты қорғау іс-шарасы ұйымдастырылды.
«Қоғамдық келісім» КММ Сайрам аудандық филиалының бастамасымен Арыс ауыл округіндегі Арыс өзенінің жағалау аумақтарын тазалау жұмыстары жүргізілді. Игі шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау және жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға тарту.
Іс-шараға Сайрам аудандық «Қоғамдық келісім» КММ филиалының қызметкерлері, Арыс ауыл округі әкімдігі, «Көрікті Сайрам» КММ ұжымы, сондай-ақ аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің белсенділері қатысты.
Жалпы саны 120 адам жұмылған сенбілікке 4 арнайы техника тартылып, нәтижесінде өзен жағалауы тазартылып, 20 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды.
Мемлекет басшысының: «Табиғатты қорғау бастамалары қоғам тарапынан кең қолдау тауып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – ортақ міндет» — деген сөзіне қолдау іс жүзінде тағы бір мәрте дәлелденді.