Қарасу ауылында ҚХА жанындағы Түркістан облыстық «Гарабах» әзербайжан этномәдени қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Достық пен татулықтың мерекесі – Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, «Қоғамдық келісім» КММ аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев, сондай-ақ ҚХА жанындағы «Гарабах» әзербайжан этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рамиля Мустафаева және облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты.
Шара барысында ұттық көрмелер ұйымдастырылып, түрлі салт-дәстүрлер дәріптелді; қонақтарға арналған концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем әндер шырқалып, ұлттық билер орындалды.
Наурыз мерекесі – ел бірлігін нығайтатын, достық пен татулықты дәріптейтін ерекше күн. Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы қоғамдық келісім мен этносаралық бірлік одан әрі беки түседі.