01info.kz- ақпараттық портал

Алматы облыстық Аналар кеңесі лудоманияның алдын алу жөнінде семинар өткізді

0 580

Алматы облысы Іле ауданында «Құмар ойынға тәуелділіктің (лудомания) алдын алу жолдары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шара облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өтті.

Семинар барысында құмар ойындардың қоғамға және отбасы институтына тигізетін кері әсері, тәуелділіктің әлеуметтік-психологиялық себептері, сондай-ақ оның алдын алу бойынша тиімді тәсілдер жан-жақты  қарастырылды.

Аталған шара қатысушылардың ақпараттық және психологиялық сауаттылығын арттыруға, отбасы құндылықтарын насихаттауға, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.