01info.kz- ақпараттық портал

Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар тағайындалды

фото: ҚТЖ баспасөз қызметі
0 13

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жолаушылар сұранысының артуына байланысты солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерге, сондай-ақ қала маңы бағыттарына 122 қосымша тіркемелі вагон қосады. Бұл шамамен 6 мың жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қосымша вагондар Астана қаласынан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарға енгізіледі.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының теміржол кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.