01info.kz- ақпараттық портал

Алматы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізетін болды

фото: ҰОК
0 56

Геннадий Головкин мен Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани Италияның Милан қаласында қол қойған ресми құжатқа сәйкес, Алматы қаласы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды. Бұған дейін бұл жарыс Сауд Арабиясында өтуі тиіс еді, алайда қабылдаушы тарап дайындық мерзімін кейінге шегеруді сұрағандықтан, Ойындарды ұйымдастыру Қазақстанға сеніп тапсырылды.

Алматының таңдалуына қалада спорттық инфрақұрылымның толық қалыптасқаны және 2011 жылғы Азиада мен 2017 жылғы Универсиаданы өткізудегі мол тәжірибесі негіз болды. ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин бұл оқиғаның еліміз үшін стратегиялық маңызы зор екенін және қысқы спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті. Жарысты өткізу үшін қалада қосымша ірі құрылыс жұмыстарын жүргізу талап етілмейді, бұл жобаны ұтымды әрі тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: ҰОК баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.