01info.kz- ақпараттық портал

Димаш Құдайберген бастамашы болған халықаралық жоба Қытай телеарнасынан көрсетіле бастады

Фото: kudaibergenov.dimash ашық дереккөз
0 649

5 ақпанда Қытайдың Hunan TV телеарнасында Димаш Құдайбергеннің бастамасымен қолға алынған Voice Beyond Horizon халықаралық медиа-жобасының ресми тұсаукесері өтті. Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесе жүзеге асырылған бұл ауқымды бағдарлама Қазақстанның алты өңірін, атап айтқанда Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақмола облыстары мен Астана, Алматы қалаларын қамтыды. Жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінен келген талантты орындаушылар қатысып, түсірілім жұмыстары толықтай еліміздің танымал туристік нысандарында жүргізілді.

Миллиардтаған аудиторияға жол тартқан бұл жоба Қазақстанның табиғи байлығы мен туристік әлеуетін әлемге паш етпек. Көрермендер Бозжыраның айбынды көріністерін, Каспий теңізі мен Көбейтұз көлін, Қайыңды мен Бурабай секілді бірегей мекендерді тамашалай алады. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов бұл бастама еліміздің туристік брендін халықаралық деңгейде ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, Димаш Құдайбергенге алғыс білдірді. Айта кетейік, 1,9 миллиардтан астам аудиториясы бар Hunan TV-де басталған жоба Қазақстан көрермендеріне 14 ақпанда «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы арқылы көрсетілетін болады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm

Leave A Reply

Your email address will not be published.