2026 жылғы 6 ақпанда Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында екпіні 32 м/с-қа дейін жеткен қатты дауыл салдарынан бірнеше нысан зақымданды.
Төтенше жағдайдың салдары: Қатты желдің әсерінен көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары жартылай ұшты. Атап айтқанда:
-
1-шағын аудандағы №32, 33, 34, 35 үйлер;
-
3-шағын аудандағы №6 үй;
-
4-шағын аудандағы №15 және №15 «а» үйлер зақымдалған.
Сонымен қатар, Бейбітшілік көшесіндегі ту тұғыры құлап, аудан көлемінде электр жарығы уақытша өшті. Қуанышқа орай, зардап шеккен азаматтар туралы ақпарат түскен жоқ.
Атқарылып жатқан шаралар: Орын алған жағдайға байланысты аудан әкімдігінде арнайы жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта мамандар келтірілген шығынды зерделеп, қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті.
Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынды.
Дереккөз: https://t.me/zhambylgovkz