01info.kz- ақпараттық портал

Астанада үлкен теннис: Қазақстан мен Монако Дэвис кубогында кездеседі

фото: astana/press
0 551

Елордадағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығында 6-7 ақпан күндері теннис жанкүйерлері үшін маңызы зор дода өтеді. Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогының (Davis Cup) іріктеу кезеңі аясында Монако командасын қабылдайды, деп хабарлайды 01info.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл матчтың бәсі өте жоғары – жеңіске жеткен команда әлемдік теннис элитасындағы орнын сақтап, Әлемдік бірінші топта өнер көрсетуін жалғастырады.

Бапкерлер штабы бұл сынға елдің ең мықты шеберлерін жинады. Құрамда тәжірибелі көшбасшылар да, қарқынды дамып келе жатқан жас таланттар да бар:

  • Александр Бублик – құраманың бірінші нөмірі;

  • Александр Шевченко – команданың жаңа күші;

  • Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов;

  • Дмитрий Попко, Денис Евсеев.

Қазіргі таңда Davis Cup Nations Ranking кестесіндегі көрсеткіштер бойынша Қазақстан фаворит саналады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.