Бурабай кентінде құзға өрмелеуден дәстүрлі бұқаралық фестиваль мәресіне жетті. Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және Бурабай курортын танымал ету мақсатында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің 7 өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысты.
Іс-шара аясында әуесқойлар арнайы естелік медальдар мен дипломдармен марапатталса, кәсіби спортшылар түрлі жас санаттары бойынша бақ сынап, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Жарыс қорытындысы бойынша ерлер мен әйелдер, сондай-ақ U-19 жас санатындағы және балалар арасындағы үздіктер анықталып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл дода өңірдегі экстремалды спорт түрлеріне қызығушылықты арттырып, кәсіби шеберлікті шыңдауға зор үлесін қосты.