01info.kz- ақпараттық портал

Euronews арнасы қазақ тілінде ақпарат тарата бастады

фото: МАМ
0 19

Астанада Euronews халықаралық жаңалықтар арнасының қазақ тілінде ақпарат таратуына орай ресми таныстырылым өтіп, қазақ тілі арнаның тұрақты хабар таратылатын 14 тілінің қатарына қосылды.

Бұл – Орталық Азия тілдері арасындағы алғашқы көрсеткіш. ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов бұл жоба мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, қазақтілді аудиторияның сапалы әлемдік ақпаратқа қол жеткізуіне ықпал ететінін атап өтсе, Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давид Қазақстанның аймақтағы негізгі серіктес екенін және бұл бастама арнаның көптілді хабар тарату саясатының маңызды бөлігі екенін жеткізді.

Жоба кезең-кезеңімен іске асырылады: алғашқы кезеңде жаңалықтар жұмыс күндері Euronews-тің YouTube арнасында жарияланып, болашақта өзге де медиаплатформалар мен телеэфирге жол тартады. Ақпараттың шамамен 90 пайызы қазақ тіліне бейімделіп ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, 2024 жылдың күзінде ашылған Euronews-тің Астанадағы бюросы бүгінде өңірлік контентті дайындайтын маңызды орталыққа айналды, ал қазір Астанада арнаның Азия елдеріндегі редакцияларының алғашқы өңірлік семинары өтіп жатыр.

дереккөз: МАМ

Leave A Reply

Your email address will not be published.