1934 жылы 10 қаңтарда «Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Апталық басылым содан бері хабар таратып келеді.
Газеттің алғашқы бас редакторы – Ғабит Мүсірепов, жауапты хатшысы – Мұхамеджан Қаратаев болды.
Басылым 1984 жылы 50 жылдық мерейтойына орай қазақ әдебиетін дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін «Халықтар достығы» орденімен марапатталды.
Газет беттерінде қазақ ақын-жазушыларының таңдаулы туындылары, әдеби-сын мақалалар, публицистикалық ой-толғамдар, тарихи-мәдени мұралар, әлем әдебиетінің үздік аудармалары жарияланып тұрады.
«Қазақ әдебиеті» газеті бүгінге дейін әдебиет пен өнердің халық өмірімен біте қайнасуына қызмет етіп келеді.
Материал ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ – Telegram алынды.