01info.kz- ақпараттық портал

Француз маманы Ивон Ледануа «Астана» сапына ауысты

Фото: Arkéa - B&B Hotels
0 22

2026 жылғы маусымда француз маманы Ивон Ледануа «XDS Astana Team» Әлемдік тур командасына спорттық директор ретінде қосылады, деп хабарлайды 01info.kz. xds-astana.com сайтына сілтеме жасап. 

«Мен бірнеше адамды бұрыннан танитын XDS Astana Team командасының мүшесі болғаныма өте қуаныштымын. Осындай мүмкіндік пен сенім білдіргені үшін Александр Винокуровқа алғыс айтамын. Спорттық тиімділік тобымен бірге команданың өткен маусымдағы табысты жұмысын жалғастыратынымызға сенімдімін. Команда шынымен де таңғаларлық жыл өткізді. Келесі маусымнан бастап осы жетістікті одан ары дамытуға өз үлесімді қосатыныма қуаныштымын», – деді Ивон Ледануа.

«Ивон өзінің кәсіби қасиеттерімен және спорттық директор ретіндегі мол тәжірибесімен жақсы танымал – ол Әлемдік тур командаларында 20 жылға жуық уақыт қызмет етіп келеді. Ивон спорттық директорлар тобының жұмысына және жалпы команданың нәтижесіне жаңа серпін беретініне сенімдімін. Бұл XDS Astana Team-ге келесі жылы да жоғары деңгейді сақтап қалуға көмектеседі», – деді Александр Винокуров.

Leave A Reply

Your email address will not be published.