Англия Премьер-лигасының 19-турында «Ливерпуль» өз алаңында күтпеген жерден «Лидсті» жеңе алмады, деп хабарлайды 01info.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Арне Слоттың шәкірттері бұл матчтың айқын фавориті саналғанымен, қорытынды есеп — 0:0 болып аяқталды.
Осы тең ойыннан кейін «Ливерпуль» 33 ұпай жинап, АПЛ турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Ал 21 ұпайы бар «Лидс» 16-шы орынға жайғасқан. Айта кетерлігі, қос команда да Англия чемпионатындағы жеңіліссіз серияларын жалғастырды: «Ливерпуль» қатарынан жеті матч бойы (бес жеңіс, екі тең ойын), ал «Лидс» алты матч бойы (екі жеңіс, төрт тең ойын) жеңілмеген.
Премьер-лиганың келесі турында «Ливерпуль» қонақта «Фулхэммен» кездессе, «Лидс» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» қабылдайды.