01info.kz- ақпараттық портал

Ақмола облысында студенттермен этносаралық келісім мәселелері талқыланды

Фото: ҚХА баспасөз қызметі
0 34

Ақмола облысы ІСБ жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жоғарғы көпсалалы азаматтық қорғау колледжінің студенттерімен кездесу өтті, деп хабарлайды 01info.kz.

Кездесу барысында этносаралық келісім, медиативті мәдениетті қалыптастыру, толеранттылық пен бейбітшілік құндылықтары талқыланды.

Шараға Этномедиация кеңесінің мүшелері, қоғамдық медиаторлар мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Спикерлер жастарды қоғамдағы келісім мен бірлікке үлес қосуға, жанжалдарды диалог арқылы шешуге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.