01info.kz- ақпараттық портал

Астанада ерекше балаларға арналған қайырымдылық шыршасы өтті

Фото: ҚХА баспасөз қызметі
0 23

Астана қаласындағы Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен және «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық шырша мерекесі өтті, деп хабарлайды 01info.kz.

Шара барысында кішкентай қонақтарға Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен мазмұнды да көңілді мерекелік бағдарлама ұсынылды. Іс-шара соңында барлық балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Екі күнге жоспарланған мерекелік шара аясында 400 бала қамтылды. Жаңа жылдық мереке балаларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.