01info.kz- ақпараттық портал

Атырауда жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері талқыланды

Фото: ҚХА баспасөз қызметі
0 18

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай Атырау қаласындағы Жоғары медициналық колледжге арнайы барып, оқу орнының оқу-тәрбие жұмысымен танысты, деп хабарлайды 01info.kz.

Сапар аясында студенттермен кездесу ұйымдастырылып, «Салауатты сана» жобасы шеңберінде «Тәуелділіктің түбі бір» тақырыбы кеңінен қозғалды.

Кездесу барысында жастарға зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, рухани және моральдық құндылықтарды сақтау мәселелері жөнінде мазмұнды ойлар айтылды.

Шараға Жоғары медициналық колледж директоры Лаура Кубаева, Атырау облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасының орынбасары, сондай-ақ Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Кенжегүл Мұсағалиева қатысты.

Кездесу жастар тәрбиесіне, олардың денсаулығы мен саналы таңдауына бағытталған маңызды әрі тағылымды басқосу ретінде өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.