01info.kz- ақпараттық портал

Лариса Долина пәтерінен айырылды: Ресей Жоғарғы соты соңғы үкімді шығарды

фото: Ашық дереккөз
0 21

Ресей Жоғарғы соты әнші Лариса Долинаның пәтеріне қатысты даулы іс бойынша соңғы үкімді шығарып, баспананы сатып алушы Полина Лурьеге қайтарды, деп хабарлайды 01info.kz. РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Сот шешіміне сәйкес, әншінің сату-сатып алу мәмілесін жоққа шығару туралы талабы қанағаттандырылмады, осылайша жылжымайтын мүлікке меншік құқығы сатып алушыда қалды. Сатып алушы тарап мәміленің өз еркімен, нарықтық құн бойынша және барлық заңды рәсімдерді сақтай отырып жасалғанын дәлелдеп шықты. Долинаның қорғаушылары артист алаяқтардың арбауына түсті деп сендіргенімен, сот бұрынғы шешімдердің күшін жойып, мәмілені заңды деп таныды.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың жазында басталған бұл дауда Лариса Долина алаяқтардың қысымымен 300 миллион рубльден ($3,7 млн) астам қаражатынан және пәтерінен айырылғанын мәлімдеген болатын. Қазіргі уақытта әнші мен оның немересін пәтерден мәжбүрлеп шығару туралы іс Мәскеу қалалық сотында қайта қаралып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.