Қазақ және әлемдік театр мен кино өнерінің жарық жұлдызы, КСРО және Қазақстанның Халық артисі Асанәлі Әшімов дүниеден озды, деп хабарлайды 01info.kz.
Асанәлі Әшімұлы — ұлттық руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосып, қазақ театр және кино өнерінің дербес кәсіби мектебін қалыптастырған дара тұлға. Оның сахна мен экрандағы соны бейнелері, режиссерлік қолтаңбасы мен ұстаздық қызметі отандық мәдениет тарихында алтын әріптермен жазылып қалмақ.
«Абыз ақсақалымыздың шығармашылық жолы мен жасаған әрбір образы — өскелең ұрпақ үшін нағыз өнердің биік үлгісі», — деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген. Оның жарқын бейнесі мен соңына қалдырған мол мұрасы халық жадында мәңгі сақталады.