ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау форматын өзгертті, деп хабарлайды 01info.kz минитрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді аттестаттау бақылау шарасы емес, білім сапасы мен қолжетімділігін кешенді бағалау ретінде жүзеге асырылады. Бұл өзгерістер заңнамалық деңгейде бекітілді.
Мақсат – білім беру ұйымдарының тиімділігін арттыру және оқу процесін жетілдіру. Жыл басынан бері 2700-ден астам білім беру ұйымы жаңа форматта аттестаттаудан өтті.