01info.kz- ақпараттық портал

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

0 249

Абай облысындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Абай оқулары» республикалық жобасының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген жастар, ғалымдар, педагогтер, жазушылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Жоба аясындағы шара Абай Құнанбайұлы мен оның ұлдарына арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Қатысушылар кейін Абайдың мемориалдық музей-үйін аралап, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған экспозициялармен танысты.

«Абай оқулары» жобасы ұлы ойшылдың рухани мұрасын кеңінен насихаттауға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, сондай-ақ жастар арасында тәжірибе алмасу мен өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.