01info.kz- ақпараттық портал

ШЫМКЕНТТЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ АҚПАРАТТЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0 242

Шымкент қаласындағы Достық үйінде «Ата Заң: халық таңдауы, ел болашағы» тақырыбында Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының кезекті отырысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – Жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен түсіндіру, конституциялық реформалардың жүзеге асырылу барысын талқылау және құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы ақпараттық жұмыстың өзекті бағыттарын айқындау.

Жиынды Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Әбдез Иманқұлов жүргізді. Отырысқа клуб мүшелерімен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Махаббат Мамауджанова қатысты.

Әбдез Иманқұлов өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлер қауымдастығының қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді ақпараттық байланысты нығайтудағы рөліне тоқталып, Жаңа Конституцияның мазмұны мен конституциялық реформалардың мәнін халыққа сапалы әрі шынайы жеткізудің маңызын атап өтті.

Кездесу барысында Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мен қоғамдық пікір қалыптастырудағы медиа өкілдерінің жауапкершілігі талқыланды.

Жиын қорытындысында қатысушылар конституциялық реформаларды кеңінен түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.