01info.kz- ақпараттық портал

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДЕГІ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0 177

Түркістан облыстық Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция – ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің кепілі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының негізгі қағидаттарын түсіндіру, оның құқықтық мемлекет құрудағы, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызын кеңінен насихаттау.

Кездесуді облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов ашып, Жаңа Конституцияның заң үстемдігін қамтамасыз етуге, елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық татулықты нығайтуға негіз болатын тарихи құжат екенін атап өтті. Сонымен қатар жастардың құқықтық мәдениеті мен отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыруда ақсақалдар институтының рөліне тоқталды.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндап, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтау әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін айтты.

Кездесу барысында Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі, заң үстемдігін нығайту және қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселелері талқыланды. Қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жалғастырудың маңызын атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.