01info.kz- ақпараттық портал

БАС ПРОКУРАТУРА: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ АРАЗДЫҚТЫ ҚОЗДЫРУҒА ЖОЛ ЖОҚ

0 177

Қазақстанның Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде арандатушылық әрекеттер жасауға, араздықты қоздыруға және заңсыз контент таратуға қатысты заңда көзделген жауапкершілік туралы еске салды.

Ведомствоның мәліметінше, қоғамда жанжал туындатуы мүмкін жарияланымдар мен пікірлер ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін. Араздықты қоздырғаны үшін құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай 8,65 млн теңгеден 30,28 млн теңгеге дейін айыппұл салу, сондай-ақ 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ, егер әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, онлайн-платформаларда заңға қайшы контентті орналастырғаны немесе таратқаны үшін 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделген.

Бас прокуратура жалған ақпарат таратқаны үшін де әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. Жауапкершілік заңсыз контенттің авторларына ғана емес, оны саналы түрде таратуға қатысқан тұлғаларға да жүктелуі мүмкін.

Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды әлеуметтік желілерде ақпарат жариялау және тарату кезінде заң талаптарын сақтауға, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.