Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің қорытындылары шығарылып, этномәдени бірлестіктердің жұмысы сараланды. Сонымен қатар қоғамдық топтасудың жаңа институты – «Қазақстан Халық Кеңесі» аясындағы алдағы қызметтің негізгі бағыттары айқындалды.
Жиында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, этносаралық қатынастарды дамыту, қоғамдық бастамаларды қолдау және қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Этномәдени бірлестіктер мен Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру, қоғам бірлігін нығайту және Мемлекет басшысы айқындаған жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында ауқымды жұмыс атқарғаны атап өтілді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметіндегі сабақтастықты сақтау және оның бастамаларын қоғамдық диалогтың жаңа институционалдық форматы – «Қазақстан Халық Кеңесі» шеңберінде одан әрі дамыту қажеттігі ерекше атап өтілді.