01info.kz- ақпараттық портал

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖОЛЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ МИССИЯ

0 140

28 маусымда Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл – елдің ақпараттық кеңістігін қалыптастырып, мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етіп, қоғамдық сенімді нығайтуға үлес қосып жүрген мамандардың кәсіби мерекесі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ Ақпараттық жұмыс және жұртшылықпен байланыс басқармасы үшін бұл күннің маңызы ерекше. Басқарма ұжымы ұзақ жылдар бойы тек баспасөз қызметінің міндеттерін атқарып қана қоймай, Қазақстан халқы Ассамблеясын, мемлекеттік органдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын және азаматтық қоғам институттарын байланыстыратын маңызды коммуникациялық орталық ретінде қызмет етті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір ірі жобасы, қоғамдық бастамасы, форумы мен диалог алаңының артында жүйелі ақпараттық жұмыс тұрды. Басқарма мамандары БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасаудан және ақпараттық күн тәртібін қалыптастырудан бастап, мультимедиялық контент дайындау мен оны түрлі коммуникациялық алаңдарда ілгерілетуге дейінгі ақпараттық сүйемелдеудің толық циклін қамтамасыз етті.

Жылдар бойы республикалық және өңірлік деңгейдегі мыңдаған іс-шара кеңінен жарияланып, ауқымды ақпараттық науқандар жүзеге асырылды. Көптеген жарияланымдар, бейнематериалдар, сұхбаттар, талдамалық шолулар мен арнайы жобалардайындалды. Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстанхалқы Ассамблеясының қызметі қоғам үшін барыншатүсінікті әрі қолжетімді бола түсті.

Этносаралық қатынастар саласында оң ақпараттық ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, талдамалық материалдар, арнайы жобалар, подкасттар және этностық БАҚ-пен ынтымақтастық арқылы қоғамдық келісім, азаматтық жауапкершілік, өзара құрмет пен Қазақстан халқының бірлігі идеялары жүйелі түрде насихатталды.

Бұл бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – ҚХА Журналистер клубы болды. Республикалық жәнеөңірлік БАҚ өкілдерін, сарапшыларды, қоғамқайраткерлерін және қоғамдық пікір көшбасшыларынбіріктірген бұл бірегей алаң кәсіби диалогтың, тәжірибе алмасудың және қоғамдық дамудың өзектімәселелерін талқылаудың орталығына айналды. Сонымен қатар этносаралық өзара іс-қимылтақырыптарының объективті әрі жан-жақтыжариялануына ықпал етті.

Заманауи цифрлық коммуникацияларды дамыту да маңызды бағыттардың бірі болды. Ресми интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер, бейнежобалар, подкасттар, деректі фильмдер мен арнайы медиажобалар бейбітшілік, келісім және бірлік құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған тұрақты ақпараттық экожүйені қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Өңірлермен өзара іс-қимыл да ерекше маңызға ие болды. Облыстық және қалалық құрылымдардың баспасөз қызметтерімен тұрақты байланыс орнату, жедел ақпарат алмасу және бірлескен медиажобаларды жүзеге асыру арқылы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеудің бірыңғай жүйесі қалыптастырылды.

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясытарихындағы маңызды кезеңнің қорытындыларышығарылуда. Өз қызметі барысында ҚХА түрлі этнос өкілдерін бейбітшілік, тұрақтылық және азаматтықбірлік құндылықтарының төңірегіне топтастырғанбірегей қоғамдық институт ретінде қалыптасты.Жинақталған тәжірибе, жүзеге асырылған бастамалармен қоғамдық диалогтың қалыптасқан тетіктеріқоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға берік негізболып қала береді.

Бұл үдерісте «Қоғамдық келісім» РММ-ге ерекшежауапкершілік жүктеледі. Мекеме қоғамдыққатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іскеасыруды, мәдениетаралық диалогты дамытуды жәнеқоғамдық бастамаларды қолдауды жалғастырады. Өзкезегінде ақпараттық блок сапалы медиакеңістіктіқалыптастыру, заманауи коммуникациялық құралдардыдамыту және бірлік құндылықтарын жаңа жағдайлардаілгерілету бағытындағы қызметін жалғастырмақ.

Бүгінде мамандар алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Заманауи цифрлық платформалар, мультимедиялық форматтар мен талдамалық құралдар қоғаммен тиімді диалог орнатуға, уақыт талабына жедел жауап беруге және әртүрлі аудиторияға арналған өзекті контент жасауға мүмкіндік береді.

Кәсіби мереке қарсаңында журналистерге, редакторларға, операторларға, фотографтарға, сарапшыларға, баспасөз хатшыларына, этностық БАҚ өкілдеріне, ҚХА Журналистер клубының мүшелеріне және ұзақ жылдар бойы ортақ миссияны жүзеге асыруға атсалысқан барлық серіктестерге ерекше алғыс білдіреміз.

Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және іске деген адалдықтарыңыздың арқасында қоғамдық келісім идеялары мыңдаған жарияланымдарда, сюжеттерде, сұхбаттар мен медиажобаларда көрініс тауып, бейбітшілік пен бірлік құндылықтары қоғамдық күн тәртібінің маңызды бөлігіне айналды.

Ақпараттық жұмыс қашанда жаңалық тарату ғана емес, адамдар арасындағы сенім кеңістігін қалыптастырудың маңызды құралы болды. Институттар өзгеріп, технологиялар жетіліп, коммуникацияның жаңа форматтары пайда болғанымен, өзара құрмет, ашық диалог және қоғамдық келісімге ұмтылу қағидаттары өзгеріссіз қала береді.

Сондықтан бұл жұмыстың тарихы жалғасын табабереді. Алда Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, диалог мәдениетін дамытуға және сенімге, жауапкершілік пен өзара түсіністікке негізделген қоғамқалыптастыруға бағытталған жаңа жобалар мен жаңамүмкіндіктер күтіп тұр.

 

Құрметпен,

ҚР МАМ «Қоғамдық келісім» РММ

Ақпараттық жұмыс және жұртшылықпен байланыс басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.