01info.kz- ақпараттық портал

ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ

0 167

Түркістан облысында идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған Идеологиялық кеңестің кезекті отырысы өтті. Облыс әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылған жиынға аудан, қала әкімдерінің идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары және сала мамандары қатысты.

Кеңесті облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып, өңірдегі идеологиялық жұмыстың басым бағыттарына тоқталды. Ол Мемлекет басшысы айқындаған қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін күшейту мәселелерінің маңызын атап өтті.

Отырыс барысында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, жастар саясаты, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, спорт және дін салаларында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жан-жақты қаралды.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл өңірдегі идеологиялық жұмыстың қазіргі ахуалына тоқталып, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы кезеңге арналған жоспарларды таныстырды. Сонымен қатар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, мәдениет басқармасының басшысы Бақытжан Садықов, білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов, Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы және өзге де жауапты тұлғалар өз салаларындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасады.

Кеңес барысында қатысушылар өзекті мәселелерді ортаға салып, пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді. Бұл өңірдегі идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы Мемлекет басшысының идеологиялық жұмысты тек ақпараттық сүйемелдеумен шектемей, тәрбие, мәдениет, білім, әлеуметтік және рухани бағыттарды кешенді түрде қамту жөніндегі тапсырмасына ерекше назар аударды. Сондай-ақ көтерілген мәселелер бойынша нақты міндеттер жүктеп, облыста идеологиялық жұмысты жүйелі әрі нәтижелі жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Идеологиялық кеңесте қабылданған міндеттер өңірдегі қоғамдық келісімді нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын тиімді іске асыруға негіз болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.